Қазақстандық велошабандоз Эквадорда қайтыс болды
Эквадорда қазақстандық велошабандоз Ерлан Пернебеков қайтыс болды, деп хабарлайды «Астана» велокомандасының баспасөз қызметі.
Спортшы «Астана» командасымен бірге Эквадорда жаттығу жиынын өткізген. 14 наурызда кезекті жаттығудан кейін Ерлан Пернебеков басының ауырғанын айтқан. Кейін ол жедел түрде ауруханаға жатқызылады.
Дәрігерлердің түсіндіруінше, спортшының тамыры жарылуынан инсульт болған. Велошабандоз жасанды кома жағдайына енгізілді. Дегенмен дәрігерлер оның өмірін арашалап қала алмады. Ауруханада оның жанында команданың жаттықтырушысы Владимир Ремыга болған.
Қазіргі уақытта ҚР Сыртқы істер министрлігі мен команда әкімшілігі спортшыны елге жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00