Джиро д'Италия көпкүндігінің 15-ші кезеңінде Фабио Ару жеңіске жетті
Джиро д'Италия көпкүндігінің 15-ші кезеңінде «Astana Pro Team» командасының италиялық велошабандозы Фабио Ару жеңіске жетті. Ол атақты План-ди-Монтекампьоне тауында мәреге үш шақырымға қалғанда шабуылға шығып, барлық бәсекелестерін шаң қаптырды.
225 шақырымға созылған 15-ші кезең Валденго мен План-ди-Монтекампьоне арасында өтті. Айта кетейік, бұл кезең атақты италиялық велошабандоз Марко Пантини құрметіне арналған. Ол бұл кезеңде 1998 жылы топ жарған.
Екінші және үшінші орынды колумбиялық велошабандоздар Фабио Дуарте («Colombia») және Найро Кинтана («Movistar Team») иеленді.
Ал жалпы есепте топ бастап келе жатқан тағы бір колумбиялық велошабандоз Ригоберто Уран («Omega Pharma – Quick Step») мәре сызығын бесінші кесті. Бұл нәтиже оның топ тізгінін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Фабио Арум бүгінгі жеңістен кейін үш сатыға жоғарылап, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. Ол көш басындағы Ригоберто Ураннан 2 минут 24 секунд қалып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00