Александр Винокуров атындағы веложарыс басталды
Қызылжарда Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы жүлдеге көпкүндік республикалық веложарыс басталды. Жарысқа жүздеген спортшылар, 15 команда қатысуда, оның 2-еуі - ресейлік. Алты күн ішінде олар жүлделі орындарға бақ сынасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Веложарыс Қызылжар ауданы Новокаменка ауылының маңында өтеді. Жарыстың бастамашысы - солтүстікқазақстандықтардың жерлесі, атақты спортшы Александр Винокуров.
Астаналық велошабандоздармен көптен бері жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан, ол жарыстар ұйымдастырудан, жүлде тігуден қалыс қалған емес. Осыған орай жыл сайын қатысушылардың да саны артып келеді. Биыл жүзге жуық спортшы жиналды, бұл өткен жылға қарағанда екі есеге көп.
«Алтыкүндік веложарыс нәтижесі бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар анықталады. Жарысқа 16-17 жастағы спортшылар қатысады. Бұлар біздің болашақ үмітімізді ақтайтын спортшылар», - деді велоспорт бойынша орталықтың директоры Владимир Пара
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00