Қызылжарлық велошабандоздар ел чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды
Павлодар облысы Баянауыл ауданында өткен велоспорттан Қазақстан чемпионатында жалпыкомандалық есепте Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары 1-ші орынды иеленді.
Жарыстың 116 шақырымға созылған 1-ші кезеңінде барлық орынды СҚО велошабандоздары Вадим Галеев, Олег Земляков және Степан Астафьев бөлісті.
Ал, 128 шақырымдық жарысты тағы бір қызылжарлық Тарас Воропаев жеңсе, оның жерлесі Кирилл Пролубников екінші келді. 4-ші кезеңде (130 шақырым) Петропавлдық Вадим Галеев бірінші, ал Степан Астафьев екінші келді.
Жекелей сында да СҚО-ның спортшыларына ешкім тең келмеді. 8,3 шақырымдық жарыста Олег Земляков бірінші, ал Степан Астафьев үшінші келді. 15 шақырымда тағы да Олег Земляков жеңіске жетсе, Степан Астафьев күміс медаль алды.
97 шақырымдық шеңберлік жарысты және 93 шақырымдық жарысты Вадим Галеев жеңді. Осылайша Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары жалпыкомандалық 1-ші орын иеленді
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00