Алматыда Tour Of World Class веложарысы өтеді
Алдағы сенбі, яғни 16-шы тамыз күні, әуесқойларға арналған Tour Of World Class веложарысы өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Жарысқа қатысу үшін tourof.wclass.kz сайтында тіркелу қажет. Турнирге 18 жастан асқан азаматтар ғана қатыса алады. Сөрелік нөмірлері жоқ қатысушылар жарысқа қатыса алмайды. Сондай-ақ, велошлем мен велосипедтің техникалық дайындығы болуы міндетті!
Жарыс өткізілуіне байланысты таңғы сағат 05.00-ден 11.30-ға дейін автокөлік қозғалысы Розыбақиев-Левитан көшелерінен Әл-Фараби даңғылына дейін, Әл-Фараби даңғылы мен Розыбақиев көшесінен Достық даңғылына дейін, Шығыс айналмалы автомобиль жолы Халиуллин көшесі, Талғар даңғылжолы - Құлжа даңғылжолы автокөлік жолайрықтарына дейін екіжақты бағыттағы жолдар уақытша жабық болады.
Сөре мен мәре орны: Розыбақиев көшесі мен Қожабеков көшелерінің қиылысы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00