Вуэльта-2014. Фабио Ару жалпы есепте 5-ші орынға көтерілді
«Астана» велокомандасының өкілі италиялық Фабио Ару «Вуэльта» жарысындағы өзінің жалпы есептегі нәтижесін 15-ші кезеңнен кейін жақсарта алды.
15-ші кезеңді Овьедо мен Ковадонгаға дейін 152 шақырым жүріп өткен польшалық «Lampre Merida» командасының өкілі Пшемыслав Немец жеңімпаз атанды. Жеңімпаздан 5 секунд қалып қойған испаниялық Алехандро Вальверде («Movistar») мен Хоаким Родригес («Катюша») екінші және үшінші келді.
Испаниялық «Tinkoff-Saxo» командасының велошабондозы Альберто Контадор польшалықтан 10 секунд қалып, 4-ші келді. Ал, «Астана» командасының спортшысы Фабио Ару Немецтен 17 секунд қалып, 5-ші келді.
«Вуэльта-2014» жарысының жалпы есебінде Альберто Контадор бірінші, одан 31 секунд қалып келе жатқан тағы бір испаниялық Алехандро Вальверде екінші тұр. «Team Sky» спортшысы ұлыбританиялық Крис Фрум үшінші орында. Ал Фабио Ару 15-ші кезеңде жақсы нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 5-ші орынға көтерілді. Ол қазір көшбасшы Альберто Контадордан 2 минут 22 секунд артта келеді.
Фото: proteam-astana.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00