Александр Винокуров 10 жасар баланың арманын орындады
Белгілі қазақстандық спортшы, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бельгиялық отбасы асырап алған 10 жасар қазақстандық бала Сергей Ремейсеннің арманын орындай отырып, оған «Астана» велокомандасының формасын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Astana Pro Team» спорттық формасын А. Винокуровтың атынан Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің консулы Болат Темірбаев табыстады. Жейдеге Олимпиада чемпионы өз қолымен 10 жасар Сергейге «С наилучшими пожеланиями Сергею от А.Винокурова» деген тілегін жазып жіберген
Бұл бастама кездейсоқ туындаған жоқ. 2013 жылдың соңында «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының бір санында дәл осы Сергей кейіпкер болған еді. Сол кезде бала өзінің велоспортпен шұғылданатынын және болашақта А. Винокуров сияқты атақты велошабандоз болғысы келетінін айтқан болатын. Сонымен қатар, бағдарлама жүргізушісі де, көрермендер де баланың А. Винокуровқа қатты ұқсайтынын байқаған.
Осы сюжетті көрген соң А. Винокуровта кішкентай Сергейге өз қолтаңбасымен форма сыйлау идеясы туындаған екен.
Сергей Ремейсен өз кезегінде А. Винокуровтың мұндай сыйлығына қатты қуанды. Бельгиядағы ҚР елшілігінде форманы бірден киіп көрген бала А. Винокуровқа алғысын айтып, болашақта атақты спортшы болуға уәде берді. «Рахмет, Александр Винокуров», - деді ол қуана күліп.
Фото: inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00