Вуэльта-2014. Фабио Ару 18-ші кезеңде жеңіске жетті
Қазақстандық «Астана» командасының италиялық велошабандозы Фабио Ару «Вуэльта-2014» велобәйгесінің 18-ші кезеңінде бірінші келді.
Ол 157 шақырымға созылған кезеңді 3 сағат 47 минут 17 секундта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды. Мәреге екінші болып «Sky» командасының өкілі Крис Фрум жетті. Ал 13 жеңімпаздан 13 секундтан кейін келген Алехандро
Вальверде (Movistar) үшінші келді. Жалпы есептегі көшбасшы Альберто Контадор Фабио Арудан 13 секунд қалып қойды.
Бұған дейін 11-ші кезеңді ұтқан Фабио Ару үшін бұл «Вуэльта-2014» жарысындағы екінші жеңісі.
Жалпы есепте испаниялық Альберто Контадор (Tinkoff-Saxo) көшбасшылықты ұстап тұр. Одан кейін Фрум (+1,19 минут) мен Вальверде (+1,32 минут) орналасқан. Фабио Ару 5-ші орында (+3,15 минут).
Фото: proteam-astana.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00