«Astana BePink» велокомандасы Испанияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды
Испанияның Понферрада қаласында велоспорттан Әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні әйелдер (36,1 шақырым) мен ерлер (57,1 шақырым) командалық жарыста сынға түсті.
Әйелдер арасындағы командалық жарыста «Astana BePink» командасы үшінші орынды иеленді. Олар жеңімпаздан 2 минут 19 секунд қалып қойды.
Ал, жеңімпаз атанған америкалық «Specialized-Lululemon» командасы бұл қашықтықты 43 минут 33 секундта өтіп шықты. Олар екінші орынға ие болған австралиялық «Orica-AIS» командасынан 1 минут 17 секунд алда келді.
«Specialized-Lululemon» командасы жарыс жолына соңғы шығып, барлық уақыт көрсеткішінде бірінші нәтижені көрсетті. Ал «Astana BePink» велошабандоздары алғашқы кезеңде алтыншы нәтижені көрсеткенімен, айналымның екінші жартысында қарқындарын үдете түсіп, жүлделі орынға ілікті.
«Біз жарыстың фавориті саналмадық, дегенмен біртұтас команда ретінде жарыс жолын сәтті жүріп өттік. Мәреге бәріміз бірге жетіп, жүлдеге те болдық. Ұжымдық сайыста жақсы нәтиже көрсеткенімізді мақтан тұтамын», - деді «Astana BePink» велошабандозы Элистон Тетрик.
Фото: gettyimages.co.uk
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30