Велоспорттан Астана Кубогы үшін жарыс өтті
Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде «Астана Кубогы» үшін велоспорттан жарыс өтті. Сайысқа 55 спортшы қатысқан.
Жасөспірімдер арасындағы жарыстың «Б» тобында 1-ші орынды Амир Богданов иеленсе, күміс жүлдені Кирилл Стрельченок, ал қола медальді Данил Потапенко ұтып алды.
Сондай-ақ, жасөспірімдердің «А» тобында Юрий Филатов жеңімпаз атанды. Қыздар арасында осы топтық жарыста Әнел Айзахметова топ жарды.
10 шілде күні өткен 2 шақырым қашықтықты құраған жекелей сайыста жасөспірімдер арасында Юрий Филатов, осы топтағы қыздар арасында Карина Кулагина және Амелия Ысқақова жеңімпаздар қатарынан орын алды.
«Астана Кубогы» үшін өткен веложарыс жеңімпаздары 19-24 шілде аралығында Астана қаласында «Сарыарқа» велотрегінде өтетін Қазақстан чемпионатында елорда намысын қорғайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30