«Астана» велоклубының капитаны «Тур де Франс» көпкүндігінде төртінші орынға көтерілді
«Тур де Франс» велобәйгесінің 10-шы кезең қорытындысы бойынша «Астана» клубының капитаны Якоб Фульсанг жалпы есепте 4-ші орынға көтерілді.
Анси мен Ле Гран-Борнан қалаларының арасын жалғап жатқан 158,5 шақырымдық таулы-қыратты жолды 4 сағат 28 минут 55 секундта жүріп өткен Якоб мәре сызығын жарыс көшбасшыларымен бірге қиып өтті. Соның нәтижесінде жалпы есептегі жағдайын да жақсартып алды.
Кешегі 10-шы кезеңде командалық жарыста да жағдай жақсарды. «Астана» қазір 22 команданың ішінде 9-шы орында. Алда әлі 11 кезең бар.
Естереңізге сала кетейік, «Тур де Франс» көпкүндігі 29 шілдеге дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты
18.09.2026, 18:00
Бессайысшыларымыз Азия ойындарының финалына жолдама алды
18.09.2026, 15:15
Волейболдан Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты
18.09.2026, 11:10
Бессайысшыларымыз жазғы Азия ойындарының финалына шықты
17.09.2026, 14:40
Дэвис кубогы: Қазақстан – Таиланд матчының жеребесі тартылды
17.09.2026, 14:04
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы Гран-при кезеңіне қатысады
17.09.2026, 09:50
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде арнайы кубок алды
15.09.2026, 11:00
Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі әлем чемпионатына қатысады
14.09.2026, 14:00