Еркебұлан Қосаев – күміс жүлдегер
Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан «Гран-при» бәсекесі басталды. Спортшылардың жарыстың алғашқы күні 60 және 66 келіде бозкілемге шықты. Бұл екі салмақта ел намысын екі палуаннан қорғады.
Жеңіл салмақта (60 келі) Ғабит Есімбетов пен Еркебұлан Қосаев белдесті. Екі палуан да іріктеу кезеңін сәтті өткізді. Ғабит армениялық Гарик Харутюнян мен грузин Амиран Папинашвилиден басым түсті. Ал Еркебұлан украин Денис Биличенко мен грузин Гиорги Бролашвилидің жауырынын жерге тигізді.
Сөйтіп жартылай финалда екі палуанымыз жолықты. Бұл белдесуде Еркебұлан Ғабитті ұпай санымен ұтып, тек қола жүлдеге таласу мүмкіндігін қалдырды. Алайда Ғабит Есімбетов үшінші орын үшін таласта грузин Лукуми Чхвимианиге есе жіберіп, тек бесінші орыннан көрінді.
Шешуші белдесуде Еркебұлан Қосаев әзірбайжандық Орхан Сафаровтан айласын асыра алмай, күміс медальді еншіледі.
Ал 66 келіде Наурызбек Майлашев пен Елдос Жумаканов белдесті. Наурызбек алғашқы айналымнан аса алмады. Ол грузин Гиорги Калданиге жол берді. Ал Елдос Португалия өкілі Сергей Олейник пен ресейлік Алим Гадановты ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
Дегенмен жартылай финалда әзірбайжандық Ният Шахализадеден өте алмады. Ал үшінші орын үшін болған белдесуде моңғол Батгерел Баттсетсегке есе жіберіп, бесінші орынды қанағат тұтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00