Ақжүрек Таңатаров алғашқы айналымнан аса алмады
Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күнінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров бірінші белдесуінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еркін күрестен 74 келі салмақта бозкілемге шыққан Ақжүрек алғашқы белдесуінде жапон палуаны Риоки Яманкеге жеңіліп қалды. Дегенмен Таңатаров үшін турнир аяқталған жоқ. Енді ол жапон палуанының тілеуін тілейтін болады. Егер Риоки турнирдің финалдық кезеңіне дейін жететін болса, онда Ақжүрек үшінші орын үшін жұбату белдесуіне қатыса алады.
Еске сала кетейік, Астанада өтіп жатқан Азия біріншілінінің алғашқы жарыс күнінде Расул Қалиев алтын, Аслан Кахидзе күміс және Дәулет Шабанбай қола медаль алған болатын. Ал бүгін бозкілемге Таңатаровтан өзге Дәулет Ниязбеков, Азамат Өміржанов, Әлихан Жұмаев сынды палуандарымыз шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00