Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық турнирде 8 елдің палуандары бақ сынайды
25-27 шілде аралығында Тараз қаласында еркін күрестен мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді.
Бәсекеде 8 елдің спортшылары, яғни Қырғыз Республикасы, Иран, Италия, Украина, Өзбекстан, Нигерия, Моңғолия және Қазақстан қатысады, деп хабарлайды confederation.kz.
«Бүгінде палуандарымыз Таразда өтетін додаға соңғы дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл турнир біздің дайындығымызды одан әрі пысықтау үшін аса қажет.
Азия ойындары мен Әлем чемпионатына қатысатын барлық палуанды осы сында тағы бір тексеріп алмақпыз. Дәулет Шабанбай жарақат алып қалды. Егер жарақатынан айығып үлгерсе, қатысуы мүмкін.
6-22 тамыз аралығында Минск қаласында Әзірбайжан және Белорусь құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз. Әлем чемпионатынан соң (8-14 қыркүйек) Оңтүстік Кореяға аттанамыз. Команда сол елдің климатына бейімделу үшін ерте барамыз. Ал, біздің міндетіміз біреу ғана – дүбірлі додаларда ел намысын абыройымен қорғау», -дейді еркін күрестен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Руслан Өмірәлиев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00