Максим Раков Әлем чемпионатында ұтылып қалды
Жекелей сынның соңғы жарыс күнінде отандық жанкүйерлер мен бапкерлер құрамы команда үздігі Максим Раковқа ерекше үміт артқан еді (100 келі). Алайда, 2009 жылғы Әлем чемпионына жеребе жолдас болмай шықты.
Алғашқы белдесуінде-ақ, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, моңғолиялық Тувшинбаяр Найданмен жолықты.
Кездесу басында Максим өте белсенді қимылдады. Ал қарсыласы екінші нөмірмен жұмыс істеп, негізінен жабық күрес көрсетті. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталып, қосымша уақыт, «алтын ұпай» басталды.
Қосымша уақытта «юко» ұпайын алған Найданның бағы жанды. Раков Әлем чемпионатын осылайша аяқтады, ал Қазақстан құрамасы дүниежүзілік додадан медальсіз қалды. Жігіттердің алдында екі жүлде алу міндеті тұрған. Өкінішке қарай, бұл жоспар орындалған жоқ.
Әділхан Қозыбаев (100 келі) даниялық Фредерик Йоргенсенді жеңіп, голландиялық Хенко Кролдан ұтылды. Зарина Әбдірасулова (+78 келі) Босния және Герцеговина өкілі Лариса Черичтен жеңілді. Ал Зарина Райфова (78 келі) татами иесі Алена Качороваға есе жіберді. Альбина Амангелдиева (78 келі) Сара Мириам Мазузды (Габон) жеңгенімен, португалиялық Яхима Рамирезден ұтылып қалды.
Ертең командалық жекпе-жектер өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00