Бауыржан Жауынтаев пен Еламан Ерғалиев дзюдодан Еуропа Кубогының қола жүлдесін иеленді
Қызылордалық қос спортшы Еуропа Кубогының қола жүлдесін иеленді, - деп хабарлады Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Германияның Бремен каласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында кызылордалык спортшылар жеңіспен оралды. 24 мемлекеттен 900 спортшы қатысқан бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жерлестеріміз - 60 келі салмақ дәрежесінде Ж.Бахадур атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернат оқушысы Бауыржан Жауынтаев пен 100 келіден жоғары салмақта Қармақшы ауданының спортшысы Еламан Ерғалиев кубоктың қола жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, Қазақстаннан барған спортшылардың арасында тек Сыр елінің қос спортшысы мен семейлік палуан ғана еліміздің айбынын асқақтатты.
Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қален Қалиұлы мен Дархан Алмахановтан тәлім алатын қос спортшы үстіміздегі жылдың сәуір айында Санкт-Петербургте, мамырда Австрияда, шілдеде Чехияда болатын Еуропа Кубоктеріне қатысады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25