«KAZsport» дзюдодан Түркияда өтетін Гран-При жарысын тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін Туркия елінде дзюдодан Гран-При басталады. Самсун қаласындағы өтетін жарысқа 68 елдің 499 (311 ерлер мен 188 әйелдер) спортшы қатысады. Бұл жарысқа Қазақстан Ұлттық құрамасы да бақ сынайды.
Түркияда сынға түсетін дзюдодан Қазақстанның ерлер құрамасы: Айбек Имашев, Гумар Қырғызбаев (екеуі де - 60 кг), Елдос Жұмақанов, Сергей Лим (екеуі де - 66 кг), Арман Махамбетов (73 кг), Ринат Ибрагимов (81 кг), Тимур Болат, Ислам Бозбаев (екеуі де - 90 кг) және Айбек Серікбаев (100 кг).
Сонымен қатар, қыздар құрамасы: Линария Мингазова, Әсел Қайсарова (екеуі де - 52 кг), Назгүл Құбашева (57 кг), Мариан Урдабаева (63 кг), Ділбар Өміралиева (70 кг), Зарина Раифова (78 кг), Гүлжан Исанова, Зарина Әбдірасулова (+78 кг).
Самсун Гран-При жарысы 27-29 наурыз аралығында өтпек. «KAZsport» телеарнасы жарысты тікелей эфирде көрсетеді.
Көрсетілім кестесі:
27 наурыз: 19:55. Дзюдо. «Гран-при» әлемдік кезеңі. Самсун (Түркия). Тікелей эфир
28 наурыз: 13:10. Дзюдо. «Гран-при» әлемдік кезеңі. Самсун (Түркия). Қайталау
28 наурыз: 19:55. Дзюдо. «Гран-при» әлемдік кезеңі. Самсун (Түркия). Тікелей эфир
29 наурыз: 15:10. Дзюдо. «Гран-при» әлемдік кезеңі. Самсун (Түркия)
29 наурыз: 23:40. Дзюдо. «Гран-при» әлемдік кезеңі. Самсун (Түркия)
Фото: confederation.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25