Дзюдошы Рустам Ыбыраев «Үлкен дулыға» турнирінде алтын медаль жеңіп алды
Әзірбайжанның астанасы Бакуде дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирі өтуде. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Рустам Ыбыраев финалда франциялық Венсан Лимармен кездесіп, жеңіске жетті.
Әзірбайжанның астанасы Бакуде дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирі өтуде. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Рустам Ыбраев алғашқы айналымда швейцариялық Людовик Чамартинді, ал келесі кездесуде австралиялық Людвиг Пайшерді жеңді.
Жартылай финалға жолдама үшін ол Әзібайжанның атақты палуаны, Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, әлемдік рейтингіде үшінші тұрған Орхан Сафаровтан басым түсті.
Жартылай финалда Рустам германиялық дзюдошы Тобиас Энглмайерді жеңіп, финалға жолдама алған. Ал, финалда Франция спортшысы Винсент Лимарды ұтты.
Айта кетейік, Рустам Ыбраев бір жыл бұрын «Үлкен дулыға» турнирінде қола медаль иеленген еді.
Бакуде 8-10 мамыр аралығында өтетін «Үлкен дулыға» турнирін «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Көрсетілім кестесі:
9 мамыр – 8:30. ДЗЮДО. «Үлкен дулыға». Баку (Әзірбайжан)
10 мамыр – 00:30. ДЗЮДО. «Үлкен дулыға». Баку (Әзірбайжан)
10 мамыр – 10:20. ДЗЮДО. «Үлкен дулыға». Баку (Әзірбайжан)
10 мамыр – 22:55. ДЗЮДО. «Үлкен дулыға». Баку (Әзірбайжан)
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25