Айдар Махметов джиу-джитсудан «Monaco Open» турнирінде жеңіске жетті
«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті директоры, ММА федерациясы Бақылау кеңесінің төрағасы Айдар Махметов Монакода джиу-джитсудан өткен «Monaco Open» сайысында алтын жүлдені жеңіп алды.
Алғашқыда Айдар Махметов Masters (ардагерлер) санатында сынға түспек болатын, алайда бұл топта қарсыластар жоқ болғандықтан, ұйымдастырушылар оған ересектер арасында сынға түсуді ұсынған.
Нәтижесінде 79,5 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Айдар алтын жүлде үшін болған барлық жекпе-жектерінде жеңіске жеткен.
Бұл Айдардың биылғы жылы халықаралық сайыстарда қол жеткізіп отырған екінші жеңісі. Ол осы жылдың ақпан айында БАӘ-де өткен «Shardjah Open» турнирінде топ жарған еді.
Айдармен қатар, бұл сайысқа қатысқан тағы бір отандасымыз, «Астана» командасының бұрынғы кәсіби велошабандозы, бүгінде джиу-джитсумен белсенді шұғылданып жүрген Максим Гуров (97,5 келі) ардагерлер арасында жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25