Қазақстандық 7 спортшы ушудан Грузияда өткен турнирде 18 медаль иеленді
Тбилисиде (Грузия) ушудан VIII халықаралық турнир аяқталды. Жарысқа Қазақстан атынан қатысқан ақтаулық «Синь-Хо-Мэнь» жауынгерлік өнер мектебінің 7 спортшысы 18 (10 алтын, 8 күміс) медаль иеленді.
Қазақстан, Грузия, Ресей, Түрікменстан, Иран, Үндістан мен Әзірбайжаннан келген спортшылар дәстүрлі ушу саньда мен ушу таолу түрлері бойынша жүлделерді сарапқа салды.
Ушу таолуға қатысқан қазақстандық Никита Серікбаев Ұлттық құрама қоржынына 3 алтын жүлде салды. Ал, сайыстың осы түрінен қатысқан Иданбарыс Жолдасбай мен Александр Мезер болса 2 «алтын», 1 «күміс» иеленді.
Сонымен қатар, ушу таолуда Ғали Даулетжан 1 алтын, 2 күміс, Константин Овсяников 1 алтын, 1 күміс, ал Елисей Комаров 3 күміс медаль ұтып алды.
Ал, ушу саньда санатында сынға түскен Артур Нсанов (40 келі) 1 алтын жүлде иеленді. Енді осы спортшылардың төртеуі Қазақстан атынан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатыспақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25