Дзюдошы Айболат Ыстыбай кадеттер арасында Әлем чемпионы атанды
Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында кадеттер арасында дзюдодан өтіп жатқан Әлем біріншілігінде 50 келі салмақ дәрежесінде Айболат Ыстыбай чемпион атанды.
Ол бес кездесуінің төртеуін «иппон» ұпайымен ұтты. Финалда италиялық Бьяджо д'Анджелоға қарсы әдемі әдіс жасауы арқылы «иппон» ұпайын иеленіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Дзюдо федерациясы.
Жарысқа әлемнің 59 елінен 500-ге жуық спортшы қатысуда. Байрақты бәсеке 8 тамызға дейін жалғасады.
Жарыс нәтижесі. Жасөспірімдер (50 келіге дейін)
1. Айболат Ыстыбай (Қазақстан)
2. Бьяджо д'Анджело (Италия)
3. Нармандах Баянмунх (Моңғолия)
3. Казбек Нагучев (Ресей)
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25