Еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатында жерлестеріміз екі қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық еркін күресші спортшылар Бразилияның Сальвадоре-де-Байя қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатынан медальмен оралды.
Алғашқы қола медальді 96 келідегі палуан Бақдәулет Әлментай жеңіп алды. Ол үшінші орын үшін өткен бәсекеде финляндиялық палуан Хейно Тапониді 7:4 есебімен ұтқан. Жарыс жолында Бақдәулет жапониялық қарсыласын уақытынан бұрын жеңсе, жартылай финалда әзірбайжандық спортшыдан жеңіліп қалған.
Екінші қола медальді 84 келідегі Илисхан Чилаев жарыстың соңғы күні жеңіп алды. Илисхан Чилаев бірінші кездесуінде үндістандық палуанды уақытынан бұрын жеңсе, қола медаль үшін өткен күресте польшалық қарсыласын 5:2 есебімен жеңген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00