Қызылордалықтар самбодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Диана Тілеумұратованы күтіп алды
Латвияның Рига қаласында самбодан 30 ел қатысқан Әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген Диана Тілеумұратованы жерлестері қошеметпен күтіп алды.
Жасөспірімдер арасында 48 келі салмақта сынға түскен қармақшылық Диана Тілеумұратова №1 Қызылорда облысының мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің Олимпиадалық резерв мектебінің спортшысы. Енді, Диана Тілеумұратова желтоқсан айында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, қазан айының 8-12 аралығында Латвияның Рига қаласында самбо күресінен жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігі өткен.
Халықаралық турнирде бақ сынаған қармақшылық жерлесіміз Диана Тілеумұратова күміс жүлдегер атанды. Диана жарыс жолында Беларус, Румыния спортшыларынан басым түссе, ақтық сында ресейлік спортшыға жарақатына байланысты жол берді. Диана бұған дейін жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00