Таразда ҚР Қазақ күресі федерациясының кубогы өтеді
Жарыс Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналады және желтоқсан айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласында ұйымдастырылады.
«Тараз-Арена» спорт сарайында өтетін федерация кубогына Қазақ күресінен жиырмаға жуық клубтық командалар қатысады. Олардың қатарында қазақ күресінен мамандандырылған мемлекетттік және жеке спорт клубтары, құрамында қазақ күресі бөлімі жұмыс істейтін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі және тағы басқа командалары бар.
Федерация кубогында палуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша командалық сында «бетпе-бет» жүйесі бойынша кездесу өткізеді.
Жарыста іріктеуден финалдық кезеңге дейін жеңіске жеткен 8 команда жолдама алады. Федерация кубогының жүлдегерлеріне қомақты ақшалай жүлде қоры тағайындалып отыр.
Айта кетейік, турнир ҚР Қазақ күресі федерациясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы», Жамбыл облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен өтпек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25