«Kazsport» телеарнасы Мароккода өтетін самбодан Әлем чемпионатын көрсетеді
13-15 қараша аралығында Марокконың Касабланка қаласында самбодан Әлем чемпионаты өтеді. Аталған спорт түрімен айналысатын барлық жұлдыздардың басы қосылар жарыста қазақстандықтарды да ерекше атап өтуге болады.
Қазақстан құрамасының алдына қойылған мақсат – былтыр Жапонияда өткен Әлем чемпионатындағы нәтижеден кем түспеу. Күншығыс елінде отандастарымыздың 3 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлде ұтып алғанын естеріңізге сала кетеміз.
Осы жылы да Ұлттық құрама жетекшілері спорттық самбодан төрт дүркін Әлем чемпионы Ерболат Байбатыровқа, әскери самбодан үш дүркін Әлем чемпионы Алмас Сүлейменовке, әскери самбодан екі дүркін Әлем чемпионы Арман Оспановқа ерекше сенім артады.
Команда қатарында талантты жастар да жоқ емес. Солардың бірі қыздар арасындағы спорттық самбо шебері – Ділдәш Құрышбаева. «Kazsport» телеарнасы самбодан өтетін Әлем чемпионатын 14 және 15 қараша күндері көрсетуді жоспарлауда.
Самбодан Әлем чемпионатының «Kazsport» телеарнасындағы көрсетілім кестесі:
14 қараша, сағат 09.20 - бірінші жарыс күнінің трансляциясы;
15 қараша, сағат 13.45 - екінші жарыс күнінің трансляциясы;
15 қараша тікелей эфир – сағат 01:00 қорытынды жарыс күнінің трансляциясы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00
Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы
10.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы жүлдеге таласады
10.05.2026, 15:35
Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінің чемпионы
09.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстандық үш дзюдошы жүлдеге таласады
09.05.2026, 17:01
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15
Еуропа лигасы және Конференция лигасы: финалистер анықталды
08.05.2026, 09:00