Мишель Платини футболдан Қазақстан Кубогы финалына келеді
Мишель Платини футболдан Қазақстан Кубогы финалына келеді
Футболдан Қазақстан Кубогы үшін таласатын қарағандылық «Шахтер» мен «Тараз» арасындағы ойынға УЕФА президенті Мишель Платини келуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz Қазақстан Футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Қос команда арасындағы кездесу 10 қараша күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ойынды «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» телеарналары тікелей эфирде сағат 16.30-да көрсетеді.
Еске сала кетейік, жартылай финалда «Шахтер» павлодарлық «Ертіс» командасынан озса, «Тараз» өз кезегінде «Ақтөбеге» тізе бүктірген еді.
58 жастағы Платини 1984 жылғы Европа чемпионы. Сондай-ақ, «France Football» басылымының тұжырымы бойынша, XX ғасырдың үздік француздық футболшысы.
Үш жыл қатарынан (1983, 1984 және 1985) «Алтын доп» жүлдесімен марапатталған жалғыз футболшы. Мишель Платини 2007 жылдың 16 қаңтарынан бастап УЕФА президенті болып сайланды.
Финалдық матч жексенбі, 10 қараша күні «Астана-Арена» стадионында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00