«Астана» мен «Реал Сосьедад» тәжірибе алмасуға келісті
Сан-Себастьян қаласында «Астана» футбол клубы мен Испания футболы көшбасшыларының бірі, Чемпиондар Лигасының биылғы қатысушысы «Реал Сосьедад» клубы арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылды.
Меморандум жолдастық ойындар өткізуді және балалар мен жасөспірімдер арасында жаттығу жиындарында әріптестікті, тәжірибе алмасуды қарастырады.
«Реал Сосьедад» футбол клубы ойыншыларды халықаралық деңгейде кәсіби дайындықтан өткізіп, оларды іріктеумен мақтана алады. Испания құрамасының ойыншалары Хаби Алонсо мен Асьер Ильярраменди осы клубтың түлегі. Клуб жейдесін әр уақытта посткеңестік кеңістікте танымал ойыншылар киді. Олар - Дмитрий Хохлов, Валерий Карпин, Георгий Деметрадзе, Эдгарас Янкаускас. Клуб Еуропаның бес мықты чемпионатында ойнайтын түлектерінің саны бойынша әлемде сегізінші орында тұр.
Екі клуб жетекшілерінің меморандумға қол қоюына «Астана» президенттік спорт клубы қолдау көрсеткен. Енді елордалық клуб испандық әріптестерінің әдістемесін қолданбақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00