«Шахтер» қарқынын бәсеңдетіп алды – Владимир Никитенко
«Ақтөбе» футбол командасының бас бапкері матчтан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ойыншыларды бөле жармады.
«Кей жерде біздің жолымыз болды. Өйткені, ойын басында гол өткізіп ала жаздадық. Біздің ойыншылардың бір-екеуін бөле-жара атай алмаймын. Команда жеңіске жетті», - деді ол.
Владимир Никитиенко, Суперкубок матчындағы жеңісті 15 минут тойлайтынын мәлімдеді.
«Қарсыластарымыз секілді дайындық толықтай өткен жоқ. Ойыншылардың бір бөлігі құрама сапында болды. Екінші таймның басында бізге күш жетпеді. Дегенмен «Шахтер» қарқынын бәсеңдетіп алды. Осы сәтте гол соғып, жеңіске жеттік», - деді бас бапкер.
Еске сала кетйік, бүгін, 9 наурызда елордадағы «Астана-Арена» стадионында «Ақтөбе» мен «Шахтер» командалары ҚР Суперкубогы үшін бәсекеге түсті. Екінші таймда 1 гол соққан «Ақтөбе» командасы жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00