Премьер-лига. Үшінші тур ойындары аяқталды
Футболдан ел чемпионатының үшінші тур ойындары аяқталды. Павлодарда жергілікті «Ертіс» футбол клубы «Атырауды» қабылдап, 0:1 есебімен ұтылып қалды. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы – Милош Трифунович.
Қостанайлық «Тобыл» да өз алаңында ұпай жоғалтты. Олар Талдықорғанның «Жетісу» командасына 0:2 есебімен жеңілді.
Константин Заречный бірінші таймда есеп ашса, екінші таймда Сергей Шафф пенальтиден мүлт кетпей, есепті еселеді.
Сырт алаңда Қарағандының «Шахтері» де жеңіске жетті. Таразда өткен ойында Виктор Кумыков шәкірттері жергілікті команданы 5:1 есебімен ойсырата жеңді.
Ел чемпиондары «Ақтөбе» Семейдің «Спартак» командасын 3:0 есебімен айқын ұтты. Игорь Зенькович екі мәрте мергендік танытса, тағы бір голды Павел Шабалин соқты.
«Астана» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдап үш ұпайға ие болды. Ойын аяқталар тұста төреші белгілеген пенальтиден Дамир Кояшевич мүлт кетпеді.
Ал Алматының «Қайраты» қатарынан үшінші матч жеңілуге мәжбүр. Владимир Вайсс шәкірттері бұл жолы Шымкенттің «Ордабасы» командасына есе жіберді. Матчтағы жалғыз голдың авторы – Эдин Юнузович.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00