Футболдан Қазақстан Кубогының жеребесі тартылды
Бүгін Астанада футболдан Қазақстан Кубогының бірінші кезеңінің жеребесі тартылды.
Бірінші кезеңде жарысқа 22 клуб қатысады. Тағы бес клуб жүлдеге 1/8 айналымда қосылады. Олар - 2013 жылғы Қазақстанның Кубогының жартылай финалының қатысушылары – «Шахтер», «Тараз», «Ертіс», «Ақтөбе».
Сонымен қатар, жартылай финалға шыққан командаларды санамағанда премьер-лигада жоғары орынға ие болған «Астана» командасы да алғашқы айналымға қатыспайды.
Қазақстан Кубогының ережесі бойынша бірінші кезеңде премьер-лига командалары бірінші лиганың командаларымен кездеседі. Ал ойын бірінші лига өкілдерінің алаңдарында өтеді.
«Жетісу-Сұңқар» - «Қайсар»
«Болат» - «Атырау»
«Гефест» - «Жетісу»
«Екібастұз» - «Ордабасы»
«Байтерек» - «Тобол»
«Лашын» - «Спартак»
«Оқжетпес» - «Қайрат»
«Астана-1964» - «Мақтаарал»
«Каспий» - «Восток»
«ЦСКА» – «Қызылжар»
«Қыран» - «Ақжайык»
Жеңімпаздар бір матчтың қорытындысы бойынша анықталады. Ойын 23 сәуірде өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00