«KAZsport» телеарнасы футзалдан УЕФА Кубогының төрттік финалын тікелей эфирде көрсетеді
24-26 cәуірде Әзірбайжан астанасы Бакуде футзалдан УЕФА Кубогының төрттік финалы өтеді. Бұл турнирге «Қайрат» (Қазақстан), «Араз» (Әзірбайжан), «Динамо» (Ресей) және «Барселона» (Испания) командалары қатысады. «KAZsport» телеарнасы бұл турнирдің екі ойынын тікелей эфирде көрсетеді.
Тікелей эфирде алматылық «Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» арасындағы матч ұсынылады. Бұл ойын 24 сәуірде Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Сонымен қатар, жанкүйерлер бұл турнирдің ақтық бәсекесін де тікелей эфирде тамашалай алады. Финалдық матч 26 сәуірде Астана уақытымен сағат 22:30-да басталады.
Ал үшінші орын үшін матчты да көрермендер тамашалай алады. Бірақ, бұл ойын тікелей эфирде жүргізілмейді. Өйткені, бұл уақытта Дүниежүзілік бокс сериясының «Астана арландары» мен «Баку оттары» арасындағы кездесуі жоспарланған.
Фото: uefa.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00