Астанада шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтеді
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі осы жылғы 9-10 мамырда шағын футболдан Қазақстанның БАҚ өкілдері арасында көрнекті қоғам қайраткері, жазушы әрі спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнир өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл турнир дәстүрлі түрде Алматы қаласында Сейдахмет Бердіқұловтың туған күнінде - 9 мамырда өтетін. Биылғы жылдан бастап, мемориалды Астанада өткізу туралы шешім қабылданды.
Себебі орталық БАҚ осында және футболшы қызметкерлер де осында жұмыс істейді. Сонымен бірге, бұл жарысқа өңірлік басылымдардың өкілдері де қатысады деп күтілуде. Қатысушылардың саны жылдан жылға көбейіп келеді.
2014 жылдың турниріне зор үлес қосқандар: «Астана-1964» футбол клубы, Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстан спорттық баспасөзі қауымдастығы. «Астана-Арена» стадионы мен «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК қолдау көрсетті.
Жарысты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00