Астанада футболдан «Самұрық-Қазына» лигасы басталады
Астанада «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ компаниялары арасында футболдан турнир ұйымдастыруға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Футбол лигасын өткізуге Астана қалалық Футбол федерациясы ұйытқы болып отыр.
«Қазіргі уақытта Астана қаласының Футбол федерациясы бірқатар жарыстар өткізеді. Оның ішінде футбол, шағын футбол турнирлері де бар. Барлығы 24 турнир ұйымдастырылады.
«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры көптеген спорттық жарыстардың, сонымен қатар кәсіби клубтардың демеуші болғаннан кейін, қызметкерлер арасында біріншілік ұйымдастыру идеясын қолға алдық. Алғашқы ойындар 17 мамырда өтеді», - дейді Астана қалалық Футбол федерациясының президенті Лашын Аймағамбетов.
Екі айналымнан тұратын турнир 2014 жылдың 31 қазанына дейін созылады. Барлығы 182 ойын өтеді. Чемпионатқа 14 команда қатысады. Жүлде қоры – 5 миллион теңге.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00