Чемпиондар лигасы. Криштиану Роналдудың финалда ойнауы екіталай
Мадридтік «Реал» клубының жетекші ойыншысы Криштиану Роналду «Эспаньолмен» болатын ойын алдындағы жаттығу кезінде жарақат алды.
29 жастағы португалдық ойыншы 7-ші мамыр күні «Вальядолидпен» болған ойында жарақаттанып қалған еді. Бүгінгі «Эспаньолмен» болатын ойынға жарақатынан айығып, алаңға шығуға дайын болған Роналду кездесу алдындағы жаттығулар кезінде жарақатының қайта сыр бергенін білдірді.
Бұл кездесуде Роналдудың орнын Иско басты. 38-ші тур ойынына қатыса алмағандықтан, Роналдуға осы маусымның қорытындысы бойынша берілетін «Алтын бутсы» сыйлығын «Ливерпуль» шабуылшысы – Луис Суареспен бөлісуіне тура келеді.
Бұл аз болғандай, Криштиану Роналду Чемпиондар Лигасының финалдық ойынында алаңға шығуы да сұрақ үстінде. Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына келсек, бұл уақытқа дейін португалдық футболшы қатарға қосылатыны анық.
Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының финалында мадридтік екі команда - «Реал» мен «Атлетико» кездеседі. Ойын Лиссабонның «Эштадиу да Луж» стадионында 24 мамырда өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды
29.03.2026, 12:45
Велотрек: Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында екінші алтын жүлдесін жеңіп алды
28.03.2026, 11:20
Виктор Друзин көркем жүзуден Париждегі Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
28.03.2026, 10:10
Софья Самоделкинаның еркін бағдарламада көрсеткен өнері
28.03.2026, 00:35
Қазақстан жастар құрамасы есе жіберді
27.03.2026, 23:10
Қазақстан спортшылары садақ атудан Азия кубогында үш алтын жеңіп алды
27.03.2026, 18:00