«Реал» мен «Интер» жұлдыздар матчын өткізеді
Испаниясы астанасы Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында 8 маусым күні «Реал» мен «Интер» клубтарында карьерасын аяқтаған футболшылардың қатысуымен қайырымдылық матчы өтеді.
Бұл ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Қайырымдылық матчына Зинедин Зидан, Луиш Фигу, Эмилио Бутрагеньо, Фернандо Морьентес, Гути, Фернандио Йерро, Сантьяго Солари, Франческо Тольдо, Иван Саморано, Никола Берти Юрий Джоркаефф, Андреас Бреме, Деян Станкович, Дино Баджо қатысады.
«Аты аңызға айналған футболшылар балалар үшін ойнайды. Олардың өмірінде футболдың қандай рөл атқаратынын көрсеткіміз келеді. Жанкүйерлер стадионды лық толтырып, сүйікті командаларына қолдау білдіретініне сенімдімін», - деді «Реал Мадрид» клубының президенті Флорентино Перес.
Бұл ойыннан түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларға жұмсалады. Акцияға байланысты билеттің бағасы да жоғары болмайды. Билет құны – 5 және 15 еуро аралығында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00