«Ақтөбе» футбол клубы жаңа ойыншыларына 200 мың еуроға жуық қаржы жұмсады
«Ақтөбе» футбол клубы құрамын күшейту үшін төрт жаңа ойыншымен келісімшартқа отырып, 200 мың еуроға жуық қаржы жұмсады, деп хабарлайды Tengrinews.kz аталған клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Кеше Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов клуб басшыларымен, бапкерлерімен және футболшыларымен кездесті. Бұл кездесу «Ақтөбе» футбол клубының сапында жүзеге асқан өзгерістерге арналды.
Жазғы трансферлік кезең осыдан екі күн бұрын басталған. Яғни Қазақстан премьер-лигасындағы командалар құрамын жаңа ойыншылармен толықтыра алады.
«Ақтөбе» клубы екі ойыншысымен, атап айтқанда, Александр Гейнрихпен және қақпашы Жасур Нарзикуловпен қош айтысты. Облыс әкімі екеуінің де «Ақтөбе» клубына елеулі еңбек сіңіргенін атап өтіп, алғыс айтты. Ал, жаңа ойыншыларға жейделерін табыс етті.
Олар – бразилиялық қорғаушы Андерсон Сантана, украиналық Алексей Антонов, қақпашы Алмат Бекбаев және жартылай қорғаушы Евгений Лёвин.
Облыс әкімінің айтуынша, жаңа ойыншыларға 200 мың еуроға жуық қаржы жұмсалған. Клубтың биылғы басты мақсаты - Еурокубоктардың топтық кезеңіне: минимум – Еуропа лигасы, максимум – Чемпиондар лигасына шығу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Виктор Друзин көркем жүзуден Париждегі Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
28.03.2026, 10:10
Софья Самоделкинаның еркін бағдарламада көрсеткен өнері
28.03.2026, 00:35
Қазақстан жастар құрамасы есе жіберді
27.03.2026, 23:10
Қазақстан спортшылары садақ атудан Азия кубогында үш алтын жеңіп алды
27.03.2026, 18:00
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20