Футболдан ІІ республикалық балалар чемпионаты аяқталды
«Арманыңа жақында!». Осындай ұранмен футболдан жетім балалар арасында ұйымдастырылған ІІ республикалық чемпионат өз мәресіне жетті. Ақтық ойын Алматыда өтіп, Миланға аттанатын жеңімпаз команда анықталды.
Биылғы чемпионатқа республикадағы балалар үйлерінен 120 жасөспірім қатысты. Олар 20 топқа бөлініп, Кубок үшін таласты.
Өз аймағында үздік атанған 8 команда финалдық кезеңге өтіп, іріктеле келе Тараз бен Алматы облысының командалары ақтық сынға жолдама алды. Жетісудың «Барыс» тобы «Сұңқарды» 5:1 есебімен ұтты.
Ерік Сәрсенбаев, «Барыс» футбол командасының жаттықтырушысы:
Жарысқа ерекше дайындалдық. Өйткені, шетелге бару әр адамның қолынан келмейді. Балалардың бойына сенім ұялайды. Қуанышымызда шек жоқ.
Жеңген топқа арнайы Кубок пен бір аптаға Миланға саяхат сертификаты табысталды. Жуырда «барыстықтар» әйгілі «Милан» футбол клубының ойыншыларымен кездеседі. Әйгілі Кака, Балотелли Лермен жүздесіп, аяқдоптан шеберлік сабақтарын алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00