Ойыншылардың азаматтығы туралы жөніндегі комиссияның мәжілісі өтті
Қазақстан футбол федерациясының арнайы құрылған комиссиясы бірнеше отырыс өткізіп, оған «Тобыл» футбол клубының директоры Талғат Баймұратов пен аталмыш команданың ойыншысы Никола Тоневті шақыртты, деп хабарлайды ffk.kz.
Алайда футболшы комиссия мәжілісіне келмеді. Осыған байланысты «Тобыл» футбол клубының өкілдері бүгінде Никола Тоневтің команда сапында жоқ екенін хабарлады.
Бұдан бөлек, Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Миграциялық полиция комитетіне Никола Тоневтің жеке куәлігі мен төлқұжатының көшірмесін жолдап, футболшының азаматтығын растау үшін өтініш жіберілді.
Қазіргі таңда Федерация ІІМ мен «Тобыл» футбол клубынан жауап күтуде. Клуб тарапы бұл жайында хат жүзінде әлі жауап берген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Олжас Абраевтың басшылығымен арнайы комиссия құру жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бұл комиссия жекелеген футболшылардың Қазақстан Республикасы азаматтығын заңды жолмен алған-алмағанын анықтаумен айналысады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00