Тікелей эфирде – «Манчестер Юнайтед» - «Суонси Сити» ойыны
«KAZsport» телеарнасы Англия премьер-лигасындағы алғашқы көрсетілімді «Манчестер Юнайтед» - «Суонси Сити» клубтарның арасындағы кездесумен бастамақ. Бұл туралы «KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
«16-шы тамыз күні Англия премьер-лигасы басталады. Біз алғашқы тікелей трансляциялық мачты «Олд Траффорд» стадионыннан көрсетеміз. Яғни, «Манчестер Юнайтед» - «Суонси Сити» арасындағы кездесумен бастамақпыз. Бірінші күні 1 ойынды тікелей эфирде және 3 ойынды жазып алып, көрермендерге ұсынамыз. Себебі, барлық мачтар бір уақытта басталады», - дейді «KAZsport» телеарнасының директоры.
Сағат 14:45-те «Манчестер Юнайтед» - «Суонси Сити» арасындағы кездесуді тікелей көрсетсе, «Вест Хэм Юнайтед» - «Тоттенхэм», «Лестер Сити» - «Эвертон» және «Арсенал» - «Кристалл Пэлас» ойындарын жазып алып көрсетеді. Ал, тамыздың 17-сі күні «Ливерпуль» - «Саутгемптон» және «Ньюкасл» - «Манчестер Сити» ойындарын тікелей эфирден көре аласыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00