«Манчестер Юнайтед» капитаны – Уэйн Руни
«Манчестер Юнайтед» клубының шабуылшысы Уэйн Руни жаңа маусымнан бастап клубтың капитаны болады. Бұл туралы «Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкері Луи ван Гал мәлімдеді.
Вице-капитан етіп Даррен Флечерді тағайындаған.
«Мен капитандарды өте талғаммен таңдаймын. Руни әр іске тиянақты. Кәсіби футболшы. Ол командадағы жас футболшыларды рухтандыра алады. Сондықтан менің таңдауым Уэйн Руниге түсті.
Ал, вице-капитан Даррен Флетчер болады. Даррен де өте талантты футболшы», - деді Луи ван Гал.
Былтырғы маусымда команда капитанының міндетін Неманья Видич атқарған болса, вице-капитандықты Патрис Эвра атқарған еді. Екі футболшы да жазғы трансфер кезінде басқа клубқа ауысқан.
Видич Миланның «Интер» клубымен, Эвра туриннің «Ювентус» клубымен келісімшарт жасасты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00