Еуро-2016. «Ньюкасл» футболшысы Янмат Қазақстанға қарсы ойнамайды
Англиялық «Ньюкасл» клубы мен Нидерланд құрамасының қорғаушысы Дарил Янмат Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарының аясында Қазақстан мен Исландия құрамаларына қарсы ойнамайды, деп хабарлайды Нидерландтың Корольдік футбол одағының ремис сайты (KNVB).
Қорғаушы Англия Прьемер-Лигасының 7-ші турында «Суонси Сити» клубына қарсы ойында (2:2) жарақат алған. Осыған байланысты, Нидерланд құрамасының бас бапкері Гус Хиддинк Ұлттық командаға германиялық «Аугсбург» клубының ойыншысы Паул Верхагты шақыртқан.
Нидерланд футболшылары Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Чехия командасына 1:2 есебімен ұтылған. Енді 10-шы қазан күні Қазақстанмен, ал 13-ші қазан күні Рейкьявикте Исландия футболшыларымен ойнайды.
Еске сала кетейік, 10-қазан күні Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Нидерланд арасындағы ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат түнгі 00:35-те тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00