Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас-бапкері Юрий Красножан, 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы, Нидерланд пен Чехия құрамаларына қарсы ойнайтын ойыншылардың толық тізімін жариялады.
Қақпашылар: Владимир Логиновский («Астана»), Александр Мокин («Шахтер»), Стас Покатилов («Шахтер»), Андрей Сидельников («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Ренат Абдулин («Атырау»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман («Қайрат»), Виктор Дмитренко («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Гафур Сүйімбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»), Константин Энгель («Ингольштадт», Германия);
Жартылай қорғаушылар: Анатолий Богданов («Тобыл»), Бауыржан Джолчиев («Астана»), Георгий Жуков («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Андрей Карпович («Атырау»), Ұлан Қонысбаев («Шахтер»), Валерий Коробкин («Ақтөбе»), Евгений Коструб («Атырау»), Станислав Лунин («Қайрат»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Асхат Тағыберген («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай («Шахтер»), Танат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Корона», Польша);
Резерв: Абзал Бейсебеков («Астана»), Аслан Дарабаев («Қайрат»), Александр Киров («Шахтер»), Ермек Куантаев («Қайрат»), Андрей Финонченко («Шахтер»).
Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы, қазанның 10-ы күні Амстердам қаласында Нидерланд Ұлттық құрамасына қарсы ойын өткізеді. Бұл кездесуді 10-қазан күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат түнгі 00:35-те тікелей эфирде көрсетеді.
Ал, қазанның 13-ы күні Астанада Чехия Ұлттық құрамасын қабылдайды.
Фото: kff.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45