«Ақтөбе» он жыл қатарынан үздік үштіктен көрінді
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 30-шы турының қорытындысы бойынша «Ақтөбе» клубы бұл маусымда кем дегенде үшінші орынға ие болады.
Бұл «Ақтөбе» футболшыларының Қызылордада жергілікті «Қайсарымен» 2:2 есебімен тең түсіп, шымкенттік «Ордабасының» Алматыда «Қайратқа» (0:2) ұтылғанынан кейін белгілі болды.
Владимир Газзаев шәкірттерінің еншісінде 31 ұпай бар. Ал, «Ордабасы» мен «Қайсар» чемпионат аяқталуына екі тур қалғанда 24 ұпай жинады.
Сонымен қатар, «Ақтөбе» келесі маусымда Еуропа Лигасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. «Ақтөбе» он жыл қатарынан үздік үштіктен көрініп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00