Футболдан Қазақстан жастар құрамасының Еуро-2017 турниріндегі қарсыластары анықталды
Швейцарияның Ньон қаласында 2017 жылғы Еуропа Чемпионаты турниріне іріктеу ойындарының жеребесі өтті. Нәтижесінде футболдан Қазақстан жастар құрамасы Англия, Швейцария, Норвегия Босня және Герцеговина құрамаларымен бір топта ойнайды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Футболдан жастар құрамасының бас бапкері Саулюс Ширмялис жеребе қорытындысы туралы пікір білдірді:
«Жеребенің біз үшін қалай болғанын тек іріктеу ойындары толық аяқталғанда білеміз. Жеребе осылайша түсті, оны өзгерте алмаймыз. Сондықтан қарсыластар туралы көп ақпарат жинап, ең бірінші өзіміздің ойын туралы ойлау керекпіз.
Біз әртүрлі стильде ойнайтын командаларға түстік. Мысалы, ағылшындармен ойнау қызықты әрі абыройлы. Біздің тобымызда оңай қарсылас жоқ, барлығының деңгейі өте жоғары. Бұл бір жағынан – жақсы, ал екінші жағынан – қиын. Себебі біздің жас футболшылар ресми ойынды аз өткізеді. Бұл олардың тәжірибе жинауына кері әсер етеді. Жақсы жағы – тыңғылықты әрі сапалы дайындалу үшін көптеген достастық ойын өткіземіз.
Біз ойындарды күзге жақын бастаймыз. Сол себепті жарақат алған ойыншылар айығып, жаңа жинақталған командамыздың ойыншылары бір-бірін түсінісуге уақыт болады», - дейді Ширмялис.
Қазақстан жастар құрамасының 2017 жылғы Еуропа Чемпионатындағы ойындар кестесі:
02.09.2015 Босния және Герцеговина – Қазақстан
07.09.2015 Қазақстан – Швейцария
08.10.2015 Норвегия – Қазақстан
13.10.2015 Англия – Қазақстан
25.03.2016 Қазақстан – Босния және Герцеговина
02.09.2016 Швейцария – Қазақстан
06.10. 2016 Қазақстан – Англия
11.10.2016 Қазақстан – Норвегия
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістандағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
21.08.2026, 11:50
Ғабит Расулхан дзюдодан Әлем чемпионатында топ жарды
21.08.2026, 10:35
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50