Қазақстан мен Молдова футболшылары тең түсті
Түркияның Анталия қаласындағы «Мардан» стадионында Қазақстан мен Молдова құрамалары арасында жолдастық матч өтті.
Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Матчтың 48-ші минутында Алексей Щеткин есеп ашып, Қазақстан Ұлттық құрамасын алға шығарды. Ал, 54-ші минутта Молдова құрамасы Александр Гацканның көмегімен есепті теңестірді.
«Біз қорғаныста сауатты ойнадық. Дегенмен, стандартты жағдайда гол өткіздік. Шабуыл аймағына кіргенімен, шабуылды аяқтау үшін соңғы пас жетіспеді. Команданың бұл нәтижеге көңілі толмады. Исландиямен өтетін ойынға дайындық жүргізуге бір ай уақытымыз бар. Бұл уақытты тиімді өткізуге тырысамыз», - деді Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан.
Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы келесі матчын 28 наурызда Исландиямен өткізеді.
Қазақстан – Молдова 1:1 (0:0)
Голдар: Щеткин 48 – Гацкан 54
Қазақстан: Эрич, Алиев, Абдулин (Малый 46), Воротников, Логвиненко, Сүйімбаев (Шомко 46), Смақов(К) (Богданов 52), Дарабаев, Нұрғалиев (Қожамберді 74), Қонысбаев (Исламхан 46), Щеткин.
Резерв: Сидельников, Петухов, Гурман, Тәжімбетов, Бейсебеков, Қуантаев.
Молдова: Чебану, Раку, Пошмак, Головатенко, Жардан, Ерхан, Онике (Кожакарь 57), Гацкан (Георгиев 85), Пикущак (Богю 46), Шептине (Раца 57) Сидоренко (Дедов 57).
Резерв: Каланча, Бургиу, Патраш, Леука, Антонюк.
Ескерту алғандар: Логвиненко 52, Қожамберді 79 - Жардан 43
Төрешілер: А.Николаев (Ресей), В.Донченко (Ресей), А. Воронцов (Ресей)
18 ақпан. Анталия. «Мардан» стадионы.
Фото: kff.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25