1 наурызда «Қайрат» пен «Астана» Қазақстан Суперкубогын сарапқа салады
2015 жылдың 1 наурызында алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астана» клубы Қазақстан Суперкубогы үшін «Астана-Арена» стадионында матч өткізеді.
Алматылық «Қайрат» осыған дейін Қазақстан Суперкубогының финалында ойнамаған. Бірақ, оның сапында бұл жүлдені ұтып алған футболшылар бар.
Алматылық клубтың бес футболшысы Қазақстан Суперкубогын иеленген. Оның ішінде Марк Гурман 2011 жылы елордалық «Локомотив» сапында Суперкубок иегері атанған.
Аслан Дарабаев бұл турнирде 2010 жылы «Ақтөбе» футбол клубымен бірге жеңіске жетті.
Жамбыл Көкеев, Станислав Лунин және Сергей Ткачук қарағандылық «Шахтермен» бірге Суперкубок жеңімпазы атанды.
«Астана» Қазақстан Суперкубогында 2011 жылы жеңіске жеткен. Ол кезде команда «Локомотив» деп аталған. Елордалық ұжымның сол жылғы құрамынан тек үш футболшы қалды. Олар – Ұлан Қонысбаев, Ненад Эрич және Дмитрий Шомко.
«Астананың» тағы екі ойыншысы Суперкубок үшін өтетін шешуші ойында жеңіске қалай жету керек екенін біледі. Рохер Каньяс пен Тоқтар Жаңғылышбай 2013 жылы қарағандылық «Шахтермен» бірге жеңіске жеткен.
Қазақстан Суперкубогында ең көп жеңіске жеткен футболшылар – Юрий Логвиненко мен Петр Бадло. Олар Қазақстан Суперкубогын үш рет иеленген.
Тағы тоғыз футболшы Қазақстан Суперкубогын екі рет ұтқан. Олар – Мақсат Байжанов, Константин Головской, Андрей Карпович, Эмиль Кенжесариев, Андрей Сидельников, Самат Смақов, Сергей Струков, Дәуренбек Тәжімбетов және Марат Хайруллин.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістандағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
21.08.2026, 11:50
Ғабит Расулхан дзюдодан Әлем чемпионатында топ жарды
21.08.2026, 10:35
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50