«Ертіс» клубы биылғы маусымда ойнайтын футболшыларын таныстырды
«Ертіс» футбол клубы ресми түрде 2015 жылғы маусымда шығатын команданың құрамын таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодарлық клубтың басшылығы команданың құрамын жаңартып, жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін ойыншыларды жинаған. Жаңа маусымда былтырғы құрамдағы 9 футболшы кеткен. Олар - Владислав Чернышов, Никита Калмыков, Захар Коробов, Симеон Булгару, Григорий Сартаков, Абылайхан Тотай, Әлібек Аяғанов, Қуаныш Бегалин, Константин Дудченко.
Сонымен қатар жаңа құрамда бір кездері «Ертіс» командасында ойнаған Самат Смақов пен Давид Лория, легионерлер Изу Азука (Нигерия), Алан Гатагов (Ресей), Иван Граф (Хорватия), Аристид Бансе (Буркино-Фасо), Сергей Игнатьев (Ресей), Артем Самсонов (Ресей) және қазақстандық футболшылар Азат Ерсалимов, Владимир Седельников, Пірәлі Әлиев, Александр Кислицин, Руслан Есимов, Әлішер Сүлей, Қазбек Гетериев, Еркебұлан Нұрғалиевтер бар.
«Мерейтой жылы біздің алдымызда зор мақсат-міндеттер тұр. Сондықтан бар күш-жігерімізді салып, артылған үмітті ақтауға тырысамыз. Әсіресе, жанкүйерлер қауымының қолдауы маңызды», - дейді Дмитрий Черышев.
Еске сала кетейік, «Ертіс» клубы 5 мәрте Қазақстан чемпионы атанып, 4 рет күміс медаль және 5 рет қола медаль жеңіп алған.
Ал 1997-98 ж.ж ойындарда «Ертіс» командасы Қазақстан Кубогының иегері атанған. «Ертіс» өз алаңында 11-наурыз күні «Астана» клубымен ойын өткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25