Қазақстан жастар құрамасына Германиядан төрт ойыншы шақырту алды
Германия чемпионатының төрт футболшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды. Олар - Роберт Бергер («Энерги», 1996 ж.), Андрей Старцев («Санкт-Паули», 1994 ж.), Иван Саханенко («Саарбрюкен», 1997 ж.) және шабуылшы Макс Шибак («Швайнфюрт», 1995 ж.).
Төрт ойыншының да түпкі тамыры Қазақстанмен байланысты. Барлығы да Қазақстан құрамасында ойнауға ниет білдіріп отыр.
«Қазақстан жастар құрамасының орталық алаңында олқы тұстар бар – орталық қорғаушы, орталық жартылай қорғаушы және шабуылшы. Қазір біз команданы күшейту жолдарын қарастырудамыз. Дубль және бірінші лига командаларымен қатар, туған елі Қазақстан саналатын және шетелдік чемпионатта ойнайтын қазақстандық футболшыларды бақылауда ұстап келеміз. Алдағы оқу-жаттығу жиынына Германиядан төрт футболшы шақырылды. Олардың арғы тегі қазақстандық, сондықтан футболшылар тарихи Отанында ойнауға ниет білдіруде. Біз оларды қарап шығамыз. Егер Қазақстан жастар құрамасын күшейтетін болса, онда олар әріқарай командаға шақырту алады», - дейді Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялис.
Еске сала кетейік, 23-31 наурыз аралығында Қазақстан жастар құрамасы Эстонияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістандағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
21.08.2026, 11:50
Ғабит Расулхан дзюдодан Әлем чемпионатында топ жарды
21.08.2026, 10:35
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50