Қазақстандық «Вельвет» футбол клубы «Turkish Holidays-2015» турнирінде 3-ші орын иеленді
Қазқстандық «Вельвет» (Алматы) футбол клубы халықаралық «Turkish Holidays-2015 Spring Edition» (Алания, Түркия) турнирінде 3-ші орын жеңіп алды.
Жарысқа 9 мемлекеттен 42 команда қатысқан. Олар 6 жас категориясында сынға түскен. Қазақстандық «Вельвет» футбол клубы, Шымкенттегі №7 ОРБЖСМ және Алматыдағы №2 ОРБЖСМ футболшылары 2003 туған балалар арасында ойнаған. 5 мемлекеттен (Қазақстан, Италия, Грузия, Әзірбайжан мен Болгария) келген 8 команда екі топқа бөлініп, бақ сынасты.
Қазақстандық «Вельвет» командасы жартылай финалда «Лацио» командасына 1:3 есебімен есе жіберді. Алайда, 3-ші орын үшін болған ойында әзірбайжандық «Ватан» клубынан 2:1 есебімен басым түскен.
Сонымен қатар, қазақстандық «Вельвет» командасының ойыншысы Вадим Шпитко турнирдің «Үздік қорғаушысы» атағын иеленді.
А тобы:
1. «Лацио» (Рим, Италия)
2. «Аваза» (Тбилиси, Грузия).
3. «№2 ОРБЖСМ» (Алматы, Қазақстан).
4. «Векта» (Пловдив, Болгария).
В тобы:
1. «Ватан» (Баку, Әзірбайжан).
2. «Вельвет» (Алматы, Қазақстан).
3. «№7 ОРБЖСМ» (Шымкент, Қазақстан).
4. «Ирао» (Тбилиси, Грузия).
«Вельвет» - «№7ОРБЖСМ» 2:1
«Вельвет» - «Ирао» 3:0
«Вельвет» - «Ватан» 0:1
Жартылай финал: «Вельвет» – «Лацио» 1:3
3-ші орын үшін ойын: «Вельвет» – «Ватан» 2:1
Финал: «Лацио» - «Аваза» 0:1
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25