Тікелей эфир. «Арсенал» - «Ливерпуль»
Бүгін Англия Премьер-лигасының кезекті 31-тур ойындары басталады. Турдың алғашқы ойынында «Арсенал» өз алаңында «Ливерпуль» клубын қабылдайды.
Арсен Венгер жаттықтыратын «Арсенал» клубы өткен айдағы төрт ойында да жеңіске жеткен. Ал, клуб шабуылшысы Оливье Жиру болса әр ойында кемінде бір голдан салып жүр. Бүгінгі кездесуде «зеңбірекшілер» турнир кестесіндегі үшінші орынды сақтап қалу үшін бар күшін салатыны белгілі.
Өз кезегінде «Ливерпуль» клубы өткен ойында «МЮ» клубынан жеңілген. Сондықтан, бүгінгі ойында 3 ұпай иелену үшін аянып қалмайуға тырысады. Брендан Рожерс шәкірттерінің бірқатары жарақат алып қалған. Мәселен, Даниэль Старриж пен Адам Лаллана жарақатына байланысты бүгінгі кезедсуге қатыса алмайды.
Екі клуб кездесулерінің статистикалары:
«Арсенал» мен «Ливерпуль» барлық турнирлерде 217 рет ойын өткізген. Соның 83 кездесуінде «Ливерпуль», 77 ойында «Арсенал» клубы жеңіске жеткен. Ал, 57 кездесуде тең тарқасқан.
Соңғы 3 ойынның нәтижелері:
21.12.2014 «Ливерпуль» – «Арсенал» – 2:2 (АПЛ)
16.02.2014 «Арсенал» – «Ливерпуль» – 2:1 (Англия Кубогы)
08.02.2014 «Ливерпуль» – «Арсенал» – 5:1 (АПЛ)
«Ливерпуль» – «Арсенал» ойынын сағат 17:30-да «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көріңіз.
Сондай-ақ, «Ливерпуль» – «Арсенал» ойыны аяқталған соң 19:50-де «МЮ – «Астон Вилла» (19:00) кездесуінде тікелей эфирден тамашалай аласыз.
Ал, «Челси» – «Сток Сити» матчын 22:20-да тікелей эфирде назарларыңызға ұсынамыз.
Ертеңгі тікелей эфир кестесі:
Сағат 20:50-де «Сандерленд» - «Ньюкасл». Тікелей эфир.
Сағат 23:00-де «Бернли» - «Тоттенхэм». Тікелей эфир.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45